Мектепке дейігі білім беру мен тәрбиелеу бөлімі:

ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламсының негізгі міндеттерін орындауда, мектепке дейінгі білім беру сапасын және мазмұнын жаңартуда қалалық білім беру бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің ролі ерекше.

Қала көлемінде 47 мектепке дейінгі ұйымда 9876 бала тәрбиеленуде, балаларға оқыту мен тәрбиелеу барысында 1102 педагог қызмет етуде. Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналарға арналған кеңес беру пункттері жұмыс жасауда, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті білім беру орталықтарын ашу енгізілуде. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 9 инклюзивті кабинеті, 5 мектепке дейінгі ұйымда 14 түзету топтары бар, сонымен қатар, қосымша білім беру бағдарламасы бойынша эксперимент алаңдары енгізілуде.

Қазақстан Республиксының жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуде 12-жылдық оқыту моделіне көшуді білім беру мазмұнын жаңғырту мен жүзеге асыру, инновациялық әдіс-тәсілдерді мектеп жасына дейінгі ұйымдарда енгізу жұмыстар жүргізілуде.

Қалалық білім беру бөлімінің мектеп жасына дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің маманынан инновациялық жаңалықтарды енгізу және жұмысты іске асыруда басшылықпен бақылауды талап етеді.