«Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік қызмет: бүгіні және болашағы»

2016 жылдың 20  қазанында Алматы қаласында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтының ұйымдастыруымен

«Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік қызмет: бүгіні және болашағы» тақырыбындағы республикалық семинар ұйымдастырылды.Байқаудың мақсаты Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайларының қазіргі заманғы талаптарына сай мамандарды даярлауда әдістемелік қызметтің мазмұнын жаңартуға ықпал ету. Семинарға тікелей және сырттай түрде Қазақстанның білім беру ұйымдарының әдістемелік қызметіне жауапты мамандары өз жұмыстарын ұсынды. Аталған тақырып бойынша педагогикалық жұмыстар «Іскер әдіскер», «Үздік әдістемелік кабинет», «Озық тәжірибелер отауы» номинациялары бойынша бағаланды.


Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласынан әр номинация бойынша 6 педагог маман  қатысты. Қатысушы педагогтар қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жетекшілігімен, жан-жақты дайындалып, нәтижесінде жүлделі орындардан көрінді.  Орал қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті меңгерушісі А.Рамазанова, қалалық әдістемелік кабинет әдіскерлері  Б.Утегулова, С.Дауешова қалалық әдістемелік кабинеттің жүйелі жүргізілген жұмыстарын көрсетіп «Үздік әдістемелік кабинет» номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленсе, «Іскер әдіскер» номинациясы бойынша Орал қаласы №34 «Балбұлақ» бөбекжайы МКҚК әдіскері А.Елешова әдістемелік қызметі бойынша өз іс-тәжірибесімен бөлісіп  жүлделі  І орынға, «Озық тәжірибелер отауы» номинациясы бойынша Орал қаласы №34 «Балбұлақ» бөбекжайы МКҚК педагогтары – әдіскер А.Елешова, орыс тілі мұғалімі Н. Каженова, ағылшын тілі мұғалімі М.Елешова бөбекжай педагогтарының біріккен озат тәжірибелерін ұсынып, жүлделі ІІ орынға ие болды.
Әріптестер, жетістіктеріңіз құтты болсын. Сіздерге шығармашылық табыс тіліей отырып, алар асуларың биік болсын демекпіз.